Қытай экономикасының қарқыны баяулады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай экономикасының қарқыны баяулады

18.10.2024

Қытай экономикасы былтырдан бері баяу дамып жатыр. Дәлірек айтсақ, 2023 жылдың үшінші тоқсанында көрші елдің жалпы ішкі өнімі 4,6 пайызға артқан. Кейбір сарапшылардың пікірінше, әлемнің екінші ірі экономикасының баяулауына құрылыс секторындағы дағдарыс, сұраныстың төмендігі және бизнестегі сенімсіздік себеп. Айта кетсек, осыған дейінгі тоқсанда Қытай өндірісінің өсімі біршама жоғары болған еді. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу