Оралда 74 жас маман ант беріп, құтқарушы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 74 жас маман ант беріп, құтқарушы атанды

18.10.2024

Ертең - Құтқарушылар күні. Мереке қарсаңында Оралда 74 жас маман ант беріп, құтқарушылар қатарына қосылды. Олар қызметке адал болуға, өз міндетін мүлтіксіз орындауға уәде берді. Жас мамандар енді азаматтық қорғау саласының өрт сөндіру, суда құтқару бөлімдері мен жедел құтқару жасақтарында еңбек етеді. Салтанатты шарада жас құтқарушылар құрметке ие болды. Биылғы тасқында төтенше жағдайлар құрылымының қызметкерлері күн-түн демей тілсіз жаумен арпалысты. Тұрғындарды эвакуациялап, адам өмірін сақтап қалды. Бөгет соғып, ағын судың бетін қайтарды.

Бейбарыс Тілеген, жас маман:

Қызмет бабында алғаш рет дәл осылай салтанатты түрде ант қабылдап жатырмыз. Болашақта ұжыммен бірге табысты жұмыс істейміз деген ойдамыз. Су тасқыны кезінде біз Теректі ауданы Аңқаты ауылында адамдарды құтқарып, ауылды топан судан залалсыздандырдық және осы Орал қаласының төңірегіндегі саяжайларда жұмыс істедік.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу