«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Көкшетауда жалғасты. «Орман шаруашылығы қызметкерлері» күні қарсаңында шаһардың қақ ортасындағы Қопа көлінің жағалауына 2 мың түп көшет отырғызылды. Қарағай, ақ қайың, қарағаш және үйеңкі ағаштары орман шаруашылығы мекемесінен әкелінді. Шараға жүзге жуық адам қатысты. Олардың қатарында волонтерлер, орманшылар мен қала тұрғындары бар. Сондай-ақ алдағы уақытта бұл аумақта қарағаш, алтын қарақат және акация бұталарымен қоршау жасалмақ.
Ұмсындық Наурызбаева