Оңтүстіктен солтүстікке көшкен халықтың кері қайтуына не себеп? Көш неге тұрақтамай тұр? Осы өзекті мәселе Астанада өткен басқосуда талқыланды. Халықаралық конференцияда Сенат, Мәжіліс депутаттары, Президент жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өкілдері, Ресейлік және отандық зерттеуші-ғалымдар бас қосты. Еске салайық, бірнеше жылдан бері оңтүстік халқын солтүстікке көшіру бардарламасы жүзеге асуда. Бірақ бағдарлама нәтиже бермей тұр.
Бекбол Орынбасаров, Сенат депутаты:
Өндіріс орындарын көп ашып, сол жерге сауда-саттық мәселесін жасап, оңтүстік өңірдегі болсын, батыс өңірдегі болсын тығыз шоғырланған халықты шамамыз келгенше, экономикалық жағынан тиімділігін арттыра отырып, сол жерге көшу мәселесін шешуіміз керек.
Самал Қабышева