Тамылжыған табиғатымен ерекшеленетін Көкше өңірінде жылдағы дәстүр бойынша құсбегілердің халықаралық сайысы өтіп жатыр. Оған еліміздің тоғыз облысы мен екі қаласынан және Қырғызстан, Моңғолия, Венгриядан жиналған жүзге жуық саятшы қатысуда. Сайыста үш санат бойынша 59 бүркіт, 12 қаршыға, 16 ителгі жарысқа түсіп жатыр. Бүгін сайыстың жартылай финалдық кезеңдері өтті. Атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған турнир биыл осымен жиырма бірінші рет ұйымдастырылып отыр.
Айшолпан Нұрғайыпқызы, құсбегі:
Менің әкем бүркітші болды. Атам бүркітші болды. Менің көріп өскенім бүркіт болды. Кішкентай кезімнен осы алты жасымнан бастап бірінші атқа үйрендім. Сегіз жасымнан бастап осы құсты баптап үйрендім. Көкше еліне төртінші мәрте келуім. Көкше жері өте керемет. Біржан сал ауданындамыз қазір. Бәрі ұнап жатыр. Барлығы жоғары деңгейде.