Қарағанды облысына қарасты Саран шахтасында 3 адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нақты ақпарат әлі ашып айтылмады. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Ал Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, кеншілердің екеуі амбулаториялық ем алуда. Бір кеншінің ауруханада жатыр.
Берік Төлеубаев, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы:
Бір науқас көп жарақатпен түсті. Түскен бетте керекті ем шаралар қолданылды. Операция жасалды. Қазір жағдайы тұрақты, ем шаралар алуда.
Жандос Бақытұлы