Павлодарлық фермерлер 500 млн теңге субсидияны мақсатсыз пайдаланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық фермерлер 500 млн теңге субсидияны мақсатсыз пайдаланған

18.10.2024

Павлодарлық фермерлер мемлекеттің жарты млрд.теңге қаржысын қалтаға басқан. Бұны прокуратура анықтады. Дерекке қарағанда, шаруалар техника алуға, деп бөлінген субсидияны басқа мақсатқа жұмсап жіберген. Мәселен отандық өндірушіден 132 млн. теңгеге трактор және соқа, сайман аламыз, деп тапсырыс береді. Бірақ үкіметтің субсидиясы түскен соң тауарды алмай кетеді. Сондай-ақ асыл тұқымды мал сатып алу үшін демеуқаржы алған. Бірақ қорадағы мал саны кем болып шықты. Қазір мемлекет қаржысын бюджетке қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.

Әділ Жұмабеков, облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің прокуроры:

Қаражат өз қажеттіліктеріне жұмсалды. Аудиторлық қорытындылар алынып, мемлекеттік преференцияларды өндіріп алу жолымен қалпына келтіру туралы облыс әкімінің атына ұсыныс енгізілді.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу