Құмар ойындарын жарнамалайтын сайттар тексеріледі. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Ведомства арнайы мониторинг жүргізіп, лицензиясыз жұмыс істейтін интернет-казино мен букмекерлік кеңселерді анықтамақ. Әрі жарнаманың мазмұны жан-жақты зерделенеді. Ал күмәнді компанияларды тіркеуге алып, ақпараттық жүйеге енгізеді. Осылайша, олардың Қазақстан аумағындағы жұмысы автоматты түрде шектеледі.