Еліміз бағалы қағаздардан 31 млрд теңге табыс тапты. Қаржы министрілігі қазына қаржысын Қазақстан қор биржасына салған соң, кіріс 12 пайызға өсті. Биржа құнды қағаздарды екі күн саудалаған. Нәтижесінде, бұл облигациялардың 58 пайызын банктер сатып алды. Жалпы Қаржы министрлігі қор нарығына 443 млрд теңге салған.