Биыл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері ірі кәсіпорындар 36 трлн теңгенің өнімін шығарған. Бұл өткен жылмен салыстарғанда 3,1 пайызға көп. Оның ішінде әдеттегідей кен орындары мен мұнай-газ секторының үлесі басым. Мұнда жалпы құны 16 трлн теңгенің өнімі шығарылды. Десе де, дәрі-дәрмек, машина жасау, химиялық заттардың өндірісі де біршама артқан. Өсім әсіресе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында байқалады.