«Ауыл аманаты» жобасы аясында «Тауарлық кредит» енгізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл аманаты» жобасы аясында «Тауарлық кредит» енгізіліп жатыр

18.10.2024

Павлодар облысында арнайы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың қатары азайып жатыр. Оған негізгі себеп - кәсіп ашуға қолайлы жағдайдың жасалуы. Әсіресе, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қолдау тауып, өз ісін бастаған азамат көп. Мысалы, былтыр несиенің едәуір бөлігі мал шаруашылығы саласына бағытталса, биыл жобалардың басым бөлігі кәсіпкерлік салаға тиесілі. Бұл көрсеткішті 55,5 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Тауарлық кредитті» енгізу жөніндегі жұмыс барысын анықтап білді. Әсіресе, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту басты міндет екенін айтты.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі:

Мен өткенде айтқанмын, ауылдың мәселесін шешпей, қаланың мәселесі шешілмейді деп. Әрбір аула жұмыс орнына айналуы керек. Ал, жұмыс орнына айналдыру ол сіз бен біздің жұмысымыз осы жерде отырған.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу