Астанада «Менің елім – менің туым» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Менің елім – менің туым» акциясы басталды

19.10.2024

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухының» мыңнан астам белсендісі «Менің Елім – Менің Туым» акциясын бастады. Олар ел бойынша 10 мың ту ілмек. Дәстүрлі акция осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Мемлекеттік туды насихаттауға бағытталған шараға барлық қазақстандық қатыса алады.

Інжу Байшүкенова, «Жастар рухы» аумақтық ұйымдастыру жұмыс басқармасының жетекшісі:

Республика күні қарсаңында ұлттық бірлікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылып келеді. Бұл кешенді шаралардың барлығы атаулы датаны кеңінен насихаттауға және де жастар мен халық арасында рухты көтеруге бағытталған.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу