Францияны 40 жылда болмаған алапат тасқын жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияны 40 жылда болмаған алапат тасқын жайлады

19.10.2024

Францияда екі күн қатарынан 700 миллиметрге дейін жауын жауған. Мұндай тасқынға тұрғындар соңғы 40 жылда алғаш рет куә болып отыр. Мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Лион мен Сент-Этьен қалалары арасында пойыз қатынасы тоқтады. Бұл шектеу бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Метеорологтардың мәліметінше, елдің оңтүстік-батыс аудандарында нөсер жауын жаууы ықтимал.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу