Балабақшадағы педагогтердің жалақысы мардымсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақшадағы педагогтердің жалақысы мардымсыз

20.10.2024

Бұл оқиғаға орай шенеуніктердің қызметтен босатылып жатқаны бар проблеманың көбесін сөге ме? «Қайдам» дейтін сәт. Айтпақшы 2025 жылдан бастап қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлердің қызметін саралап, онлайн система арқылы баға бере алады.

Кімнің рейтингі төмен, соның жалақысы да азаяды деген жаңалық оқыдық. Идея жақсы. Бірақ барлық контексті, басқа да факторларды ескерсек, жөткірініп қоясың.

Егер айлығы өте аз салаларда жалақы көтерілсе, жөн-жөн дер едік. Қымбатшылық кәдімгідей білінеді. Жыл басынан тамызға дейін ақылы қызметтер 13,6%, азық-түлік емес тауарлар 7,6%, азық-түлік 5,1% өскен.

Айлығы аз мамандардың бірі – балабақша тәрбиешілері. Жауапкершілік жүгі өте ауыр, ал еңбектің бағалануы - өте төмен. Иә, тәрбиеші болып істеуге қақысы жоқ қатыгез мамандар туралы естиміз. Бейнежазбалардан көреміз. Бірақ жаппай солай баға беретін ситуация жоқ.

Жалпы кімдер тәрбиеші болып жүр? Жұмысын, дәлірегі – балаларды жақсы көретін, оларға тәлім беруді жаны сүйетін альтруистер бар. Тәжірибе жинап алғысы келетін жастар бар. Өз балаларын орналастыру үшін жүргендер бар, сосын? Елдос Есенбол талдап көреді.

Хабарламаларға жазылу