Құжатта бар, қызметте жоқ. Қазақстан темір жолының ревизорлық комиссиясы ішкі тексерулер барысында қызметкерлердің формалды еңбек қызметінің фактілерін анықтады. Осы оқиғаға қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде 21 млн теңге көлемінде шығын дәлелденді. Бұл ақпаратты Қазақстан Темір жолы растап, ресми сайтында хабарлама қалдырған.
Азамат Бейбітұлы