Алдағы екі айда Астанада 9 мектеп пайдалануға беріледі. Оның сегізі – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек, әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарында болып, ондағы жұмыстармен танысқан. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Жыл соңына дейін ашылатын мектептерді ескерер болсақ, тапсырылатын жайлы мектептердің жалпы саны 17 болмақ. Мәселен, қыркүйек айында 15 мектеп ашылды. Олардың тоғызы – «Жайлы мектеп» жобасы аясында іске қосылды.
Торғын Мелісқызы