Молдовадағы президенттік сайлауда Майя Санду екінші турға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Молдовадағы президенттік сайлауда Майя Санду екінші турға өтті

21.10.2024

Молдовада жексенбі күні президенттік сайлау өтті. Алдын-ала қорытындыға қарағанда, қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду екінші турға өткен. Бюллетендердің 92 пайызы өңделіп болды. Оның нәтижесіне жүгінсек, Сандуды электораттың 38 пайызы қолдаған. Дегенмен, елдің Еуропа одағына өту бағытын қуаттау туралы ұсыныс көпшіліктің қолдауына ие бола алмады.

Молдова Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, Сандудың қарсыласы Александр Стояноглоға азаматтардың 28 пайызы дауыс берген. Бұл оппозициялық кандидат бұрын республиканың бас прокуроры қызметін атқарған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу