Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья аймағында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, Пьяноро қаласында бір адам қаза тапқан. Құтқарушылар әуеден түсірген видеокадрлардан кейбір елді мекендердің топан судың ортасында қалғанын көруге болады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жауыннан бірнеше өзен тасып, көшелерде көлік қатынасы қиындаған.
Осыған ұқсас жағдай Францияда да қалыптасып отыр. Бұл мемлекеттің алты департаментінде қауіптің қызыл түсі жарияланды. Әсіресе елдің үшінші ірі қаласы Лиондағы жағдай қиын. Онда көшелер өзенге айналып, талай көлік суға кетті. Әзірге Франциядан тасқын құрбандары туралы мәлімет түскен жоқ.
Арыстан Рысбек