«Әдеби мұра: тамыры терең, ұшары биік». Осындай атпен Франкфуртта әдеби кеш өтті. Шараны «Отандастар» қоры мен еліміздің Франкфурттағы Бас консулдығы ұйымдастырды. Кеште Германиядағы қандастар ғалым, академик Оразалы Сәбден бастаған отандық жазушылармен кездесіп, әдеби мұраны ұрпақтан ұрпаққа аманат ету жолын сөз етті. Қазақ жазушыларының ұлттық және әлем әдебиетіндегі рөлін талқылады. Сондай ақ, шара барысында қаламгерлер мен қазақ баспагерлері диаспора өкілдерін жақында жарық көрген тың туындыларымен таныстырды. Кездесуде Германиядағы диаспора өкілдері «Отандастар» қорының төрағасына көкейтесті сұрақтарын қойды.
Әсет Бейсенов, Германиядағы «Отандас» қауымдастығының жетекшісі:
«Отандастар» қорының төрағасымен кездесіп, болашаққа деген көзқарымызды теңестіріп, қандай жобамен, қандай ұйымдармен бірігіп, ат салысып, Германиядағы қазақтардың басын біріктіріп, қазақтардың әдебиетін, мәдениетін, білімін бірге дамыту жолындағы шараларды ақылдастық.
Данияр Қадыров, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті:
Осы жердегі қазақ қандастарымыздың негізгі ұсыныстары – ол ұлт дәстүрімізді, тілімізді, ділімізді сақтап қалу. Соған біз «Отандастар» қоры ретінде күш жігерімізді жұмсаймыз.
Нұрсұлу Қасым