Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзан Кенжебай 70 жасқа келді. Мерейтой иесін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қабылдады. Арал ауданында дүниеге келген Мырзан Сахиұлы саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына арнады. «Алматы Ақшамы», «Қазақ мемлекеті», «Заман-Қазақстан» газеттерінде тілші, «Жұлдыз», «Таң-Шолпан» журналдарында редактор қызметтерін абыроймен атқарды. Халық пен билік арасын жалғаған журналист өзекті мәселелерді дер кезінде басылым бетіне шығарып, олардың шешімін табуына үлес қосты. Шығармашылыққа жаны құмар қаламгердің, бүгінге дейін «Мерейлі мекен», «Жоғалған өлең», «Жазым өтіп барады» жыр жинақтары жарық көрген.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ