Жол ережесін жиі бұзатындар сақтандыру қорына қосымша ақы төлейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осылайша заңнамаға өзгеріс енгізбек. Яғни, жылдамдықты асырған, қызыл жолаққа өтіп кеткен немесе қарсы жолға шығып кеткен көлік жүргізушілері қорға көбірек ақша аударып, аз төлемақы алады. Әр құқықбұзушылықтан соң оның сақтандыру деңгейі де төмендей береді.
Бүгінде сақтандырудың 18 класы бар. Оның ең төменгісі - М2.
Оған мас күйінде көлік жүргізгендер, адам өлімі мен мүгедектікке алып барған жол апатына тап болғандар автоматты түрде енгізіледі.
Тиісті құжат 4 қарашаға дейін «Ашық» талқылауда болады.