Ақтөбеде балабақша қызметкерлері 240 млн теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде балабақша қызметкерлері 240 млн теңге жымқырған

21.10.2024

Ақтөбе облысында балабақша қызметкерлері 240 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу материалдарына сәйкес, мектепке дейінгі мекемелердің мамандары бюджеттік тапсырыстар құнын негізсіз өсірген.

Сондай-ақ, қызметкерлерге артық сыйақы төленіп келген. Есепшілердің бірі кейбір тәрбиешілерге артық жалақы мен қосарланған демалыс ақысын аударған. Одан бөлек, іссапар шығындары да негізсіз төленген. Күдіктінің өзінің және мектепке дейінгі ұйымның басшысының банк картасына, ақша жібергені де анықталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, балабақша қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу