Астанада бірнеше көшенің тұрғындары жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бірнеше көшенің тұрғындары жарықсыз қалды

21.10.2024

Астанада бірнеше көшенің тұрғындары жарықсыз қалды. Ақау күндізгі сағат үштер шамасында Алматы ауданында тіркелді. Салдарынан Мыңжылдық аллеясы мен Тәуелсіздік даңғылы, Қордай және Ахмет Байтұрсынов көшелерінің тұтынушылары жарықсыз қалған. Жарты сағаттан кейін тұрғындарға қосымша қуат көзі арқылы электр энергиясы берілді. Мамандар оқиға орнында ақаудың шығу себебін анықтап, жарықты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.


Хабарламаларға жазылу