Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

22.10.2024

Қазгидромет бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде жауын-шашын, қар алалас жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс пен солтүстікте ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Тек оңтүстік аймақтарда ғана күн ашық әрі жылы болады. Жалпы, елімізде алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы болмақ.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу