Биыл елімізде 22 752 адам көлік жүргізу куәлігінен айырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 22 752 адам көлік жүргізу куәлігінен айырылған

22.10.2024

Елімізде жыл басынан бері 22 752 адам көлік жүргізу куәлігінен айырылған. Бұл - Ішкі істер министрлігінің мәліметі. Жалпы қолданыстағы заңға сай кей ережелерді бұзған адам көлік жүргізу куәлігінен бірден айырылады. Олардың негізгілерін тізіп өтсек. Көлікке жалған нөмір тағу, қарсы жолаққа шығу, апатты жағдай туғызу, темір жолды өту барысында ереже бұзу фактілері тіркелсе жаза қатаң.

Сондай-ақ ең жиі бұзылатын тағы екі ереже бар. Мас күйінде көлік басқару және медициналық сараптамадан өтуден бас тарту. Бұл екі жағдайда да жүргізуші куәлігінен айырылады. Өзіңіз бен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, сақ жүрейік! 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу