Жетісу облысында қаржы жымқырғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында қаржы жымқырғандар сотталды

22.10.2024

Жетісу облысында аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырғандар сотталды. Сарқан ауданында туристік нысандарда санитарлық-гигиеналық тораптар орнатуға бір көзден сатып алу тәсіліміен бөлінген 74,7 млн теңге қолды болған. Қоғамдық әжетханаларды орнатамын деп бекінген кәсіпкер шын мәнінде жұмысын шала-шарпы орындаған.

Ал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы жұмыс орындалды деп нысандарды қабылдап, қаржыны толық аударған. Сот шешімімен серіктестік директоры 8 жылға, мемлекеттік қызметкер 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу