Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қосымша тағы 38 үйдің кілті тапсырылды. Ауданның бес ауылында бұған дейін 114 үй бой көтеріп, ел игілігіне берілген еді. Бірақ ондаған тұрғын аудандық комиссияның бастапқы қорытындысымен келіспей, шағым түсірді. Нәтижесінде қайтадан техникалық сараптама жасалып, саман үйлердің іргетасы отырып, қабырғасы құлағалы тұрғаны анықталды.
Қазір зардап шеккен тұрғындар баспаналы болып жатыр. Сонымен, облыс бойынша қала мен бес аудандағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға барлығы 889 үй берілді. Саяжай тұрғындарына 2 мың 300-ден астам пәтер сатып алынды.
Ардақ Мұратқызы