Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы әзірленіп жатыр. Мақсат, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы туралы сауаттылығын арттырып, қыз-келіншектер арасында қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету. Учаскелік дәрігерлер денсаулық индексін анықтау үшін әрбір әйелді тексереді. Жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады. Жоба келесі жылы қаңтарда іске қосылмақ. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ел аумағында 10 миллионнан астам әйел адам тұрады. Оның басым бөлігі балалы болуға дайындалмайды және денсаулығына салғырт қарайтын көрінеді.
Шакизат Халықова, ҚР ДСМ аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы:
Бүгінгі таңда өкінішке орай, біздің әйелдеріміздің бәрінде кездейсоқ жүктілік. Көбісінде. Бәрінде деп айтуға болмайды. Бізде 38 пайыз жүктілік жоспарланбаған. Кездейсоқ жүктілік. Біздің мақсатымыз сол пайызды төмендету. Олардың тағы да алдын алуға мүмкіндік бар. Яғни, ол әйелді сауықтыру арқылы.
Динара Жарқынбек