Бүгіннен бастап алдағы республика күніне орай жолаушылар ағынының артуына байланысты елімізде қосымша пойыздар іске қосылады. «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша пойыз бүгіннен бастап екі күнде бір рет жүреді.
«Астана-Шымкент» бағыты бойынша кешеден бері пойыз күн сайын жүріп жатыр. «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша бүгіннен бастап күн сайын жүреді. «Алматы-Астана» бағыты бойынша пойыз ертеңнен бастап күн сайын жүреді.
Сондай-ақ «Қарағанды-Астана» жүрдек электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады.
Азамат Бейбітұлы