Гидротехникалық құрылыстарды көпфакторлық зерттеу жұмысы жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гидротехникалық құрылыстарды көпфакторлық зерттеу жұмысы жүргізілуде

22.10.2024

Гидротехникалық құрылыстарға көп факторлы зерттеу жүргізіліп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, аталмыш зерттеу жұмыстары су тасқыны болған жағдайда нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етіп, апаттардың алдын алады. Бүгінде «Қазсушар» кәсіпорнының филиалдарында анықталған кемшіліктер жойылып, жөндеу, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары атқарылды. Ведомство биыл 63 гидротехникалық құрылыста көп факторлы зерттеу жүргізген. Жыл соңына дейін 19 нысанды тексеру жоспарланып отыр. 

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу