Кубалықтар жарықтың сөнуіне қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кубалықтар жарықтың сөнуіне қарсы шеруге шықты

22.10.2024

Кубалықтар көшеге шығып, электр қуатын тез қалпына келтіруді талап етті. Халық өткен жұмадан бері әлі жарықсыз отыр. Елдегі 8 электр станциясының біреуі істен шыққаннан кейін, 10 миллионнан астам халқы бар мемлекет аумағында жарық өшті. Жағдайды «Оскар дауылы» ушықтыра түскен. Ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Кубалықтарды азық-түлік, жанармай мен дәрі-дәрмек тапшылығы тығырыққа тіреп отыр. Ал елдің электр станцияларының жұмысы шетелден импортталатын отынға тәуелді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу