Президент Астана әкіміне бірқатар тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Астана әкіміне бірқатар тапсырма берді

22.10.2024

Биылғы 9 айда Астанаға тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 140 миллиард теңгеден асты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 16 пайызға көп. Президент қабылдауында болған қала әкімі осыны айтты. Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берді. Осы оқу жылына жоспарланған 24 мектептің 15-і пайдалануға берілген. 170-ке тарта аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 70-тен астам көше жөндеуден өтті. Сондай-ақ миллион түп ағаш пен жасыл желек егілмек. Жыл соңына дейін «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек «Тельман» газ жылу станциясын салу және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу станциясын жобалау жұмыстары жүргізілуде. Кездесу соңында Президент елорданы одан әрі дамыту, көлік инфрақұрылымын нығайту және көріктендіру бойынша тапсырмалар берді.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Президентке жылыту маусымы бойынша есеп бердім. Негізгі нысандар жұмыс істеп жатыр. Қала қысқа дайын. Сонымен бірге Президент қаланы абаттандыру, көгалдандыру және әрі қарай негізгі нысандарды дамыту бойынша тапсырмалар берді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу