26 қазанда Астанада қазақ күресінен он үшініші республикалық «Қазақстан барысы» турнирі өтеді. Жарысқа облыстық кезеңнен іріктелген ең мықты 43 палуан қатысады. Олар еліміздің 17 облысы мен 3 мегаполисінің спортшылары. Турнирде былтырғы «Қазақстан барысының» жеңімпазы мен «Әскер барысы» да бақ сынайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 27 миллион теңгеден асады. Жеңімпазға 15 миллион, 2-орынға 3 миллион 300 мың теңге, қола жүлдегерге 1млн 80 мың теңге беріледі. Жарысты тамашалау тегін. Сонымен бірге спорттық бәсекені «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Асылбек Даняир