Елімізде жылжымайтын мүлікті сақтандыру көрсеткіші 2% аспайды. Еліміздегі сақтандыру компаниялары осылай, дейді. БҰҰ мәліметінше, соңғы 20 жылда дүниежүзінде жер сілкінісі, су тасқыны, құрғақшылық пен дауыл саны екі есе өскен. Қазақстан халқының 75 пайызы табиғи апаттардың қаупі жоғары аумақта тұрады. Баспананы сақтандырудың сомасы қанша? Қандай мүлікті сақтандыра аласыз?
Сейсмикалық қауіпті аймақта тұрған Алматы қаласында жер сілкінісі жиі болады. Мамандар жыл басында орын алған қатты дүмпулерден кейін тұрғын үйді ерікті сақтандыруға өтініш білдіргендер саны артқанын айтады. Десе де, қала халқының санымен есептегенде бұл тым аз көрсеткіш. Ал, тұрғындар жылжымайтын мүлікті төтенше жағдайдан сақтандыруды міндеттеу мәселесіне былай дейді.
Жылжымайтын мүлікті сақтандыру дүниежүзінде кеңінен тараған қызмет түрі болғанымен, Қазақстанда әлі де сұраныс төмен. Әйтпесе, сақтандыру сомасы тым қымбат емес, дейді мамандар.
Бақыт Қорғасбаев, «Еуразия» сақтандыру компаниясы басшысының орынбасары:
Жылжымайтын мүлікте әрқайсысының бағасы бойынша 0,2% тарифіне шаға келе төлейтін құнын аламыз. Егер пәтеріңіз 20 млн тұрса, теңгеге шаққан кезде 20 мың теңгедей болады.
Қазір елімізде мүлікті сақтандыру ерікті түрде жүргізіледі. Барлық жылжымайтын мүлікті – бүлінуден, зілзаладан, өрттен, су басудан тұрмыстық газдың жарылуынан, бұзақылықтан және есікті бұзып кіруден сақтандыруға болады, дейді мамандар. Осындай қолайсыз жағдайға тап болсаңыз, сақтандыру компаниясынан өтемақы ала аласыз. Ал оның көлемін арнайы комиссия анықтайды.
Қуан Нұрақын