Жауынгерлік самбодан Тәжістанда өткен Еуразия кубогында ел намысын қорғап, көк байрағымызды желбіреткен спортшылар елге оралды. Оларды Астандағы халықаралық әуежайдан туыстары, жаттықтырушылары мен ұстаздар қарсы алды.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жарыс 18-20 қазан аралығында өтті. Оған 8 елдің спортшылары қатысты.
Ел намысын 20 самбошы қорғады. Спортшылар байрақты бәсекеде 17 медаль жеңіп алды. Оның сегізі алтын, алтауы күміс, үшеуі қола. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды.
Асылбек Данияр