Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді

23.10.2024

Бүгін Президент Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Марапат иелерінің есімдері мен еңбектерін атап өтсек. Ақын Светқали Нұржан «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін, жазушы Құлбек Ергөбек – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін мемлекеттік сыйлыққа лайықты деп танылды. Ал авторлық ұжым Әлібай Бапанов пен Сәуле Бапанова «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін үздік атанды. Суретші Жанұзақ Мүсәпір – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты иеленді.

Светқали Нұржан - «Көкірегім көне кітап»;

Құлбек Ергөбек – «Адамның бір қызығы бала деген»;

Әлібай Бапанов, Сәуле Бапанова– «Көшпенді фрескалар», «Әлем өрнектері»

Жанұзақ Мүсәпір – «Балалықтан даналыққа жол».

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу