Жетісу облысының Мұқыры ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысының Мұқыры ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

23.10.2024

Республика күні қарсаңында Жетісу облысының Мұқыры ауылында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Іргесі 1987 жылы қаланған емдеу мекемесіне 30 жылдан астам ешқандай жөндеу жүргізілмеген, әбден ескіріп қалған. Жергілікті бюджеттен 205 миллион теңге қаржы бөлініп, екі қабатты ғимарат жаңартылып, жаңа құрал-жабдықтар алынды. Күніне 30 адам қабылдай алатын амбулаторияда бір жалпы тәжірибедегі дәрігер, бір акушер, зертханашы мен төрт орта буын медицина маманы қызмет көрсетеді. Ауылдық округте 3 300-ден аса халық тұрады.

Жаннұр Сырымов, Көксу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

Ауылдың денсаулық сақтауын жаңғырту бағдарламасы аясында төрт медициналық нысан осы жылдың соңына шейін бітіруді жоспарлап отырмыз. Блокты-модульдық конструкция дейміз, екі БМК екі ауылға салынады Соның барлығын қосқанда алты дәрігерлік медициналық нысан іске қосылады.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу