Былтыр елімізге Түркиядан 135 мың турист келген. Бұл көрсеткішті еселеу үшін екі елдің де мүмкіндігі жоғары. Бұл туралы Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылған Ыстанбұлдағы форумда айтылды. Түркиялық туристер біздің елге негізінен тарихи жерлерді және тұмса табиғатты тамашалау үшін келеді. Алдағы уақытта бұл бағыттардың аясын кеңейту үшін елімізге қатысты мол мағлұмат беріліп, туристік компаниялар өзара келіссөздер жүргізді. Форум соңында жиналған қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
Орхан Санжан, Түркияның туристік агенттіктері қауымдастығының басшысы:
Екі елдің туризм саласындағы білікті мамандары басқосқан өте пайдалы жиын болды. Қазақстанның Туризм министрлігі және Ыстанбұлдағы Бас консулдықтың көмегімен Қазақстанға турист апаратын түркиялық компанияларды Қазақстанға шақырып, жыл сайын арнайы таныстыру турларын өткізіп тұруға келістік. Бұдан бөлек, екі елде де онлайн әрі оффлайн жиындар да өткізіп тұрмақпыз.
Айдос Әшімұлы