Қарағанды облысының қамбалары астыққа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының қамбалары астыққа толды

23.10.2024

Қарағанды облысында астық молынан шығып, қамбалар толды. 1 миллион 300 мың тоннадан аса өнім тиісті жерлерге үлестірілуде. Өңірде 600-ге тарта шаруашылық 900 мың тонна астықты қоймасына сақтай алады. Ал қамбасы жоқ фермерлер 4 кәсіпорынға 7 мың тоннадан ай сайын өткізеді. Ал 109 мың тонна өнім келер жылға тұқым ретінде сақталмақ.

Сырым Бошпанов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Облыстағы астық қабылдау кәсіпорындарымен келістік. Олар қабылдаудан бас тартып жатқан жоқ. Сәйкесінше керекті көлемді алады. Абай ауданына қарасты кәсіпорын бар. Сол жерде сапасы төмен астықтарды да қабылдауда.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу