Жамбыл облысындағы әкімдер толық бітпеген жол үшін ақша аударған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы әкімдер толық бітпеген жол үшін ақша аударған

23.10.2024

Ауылға бөлінген ақшаны ретсіз жұмсайтындар да бар. Жамбылда ауыл әкімдері мердігерлер шотына атқарылмаған жұмыс үшін ақша аударған.

Шенділер төселген жолды талапқа сай тексермей, 70 миллион теңгеге жуық қаржыны бере салған. Меркі ауданындағы үш ауылдың әкімі 20 көшені тендер арқылы жөндеткен.

Алайда Антикор мамандары серіктестіктердің жолды сапасыз салғанын анықтады. Олар жолды жұқа қылып, соңына дейін жеткізбей ұзындығын да қысқартып қойған. Әдеп кеңесінде Ақтоған, Ақермен және Сарымолдаев әкімдерінің әрекеті қаралып, қатаң сөгіс берілді. Ал мердігерлер жолды қайта жөндеген.

Қайрат Бәйгебаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары:

Егер де жолдар толықтай қолданысқа беріліп кеткен жағдайда, онда ауыл әкімдерінің жауапкершілігі тәртіптік емес, бұдан да ауырырақ, яғни қылмыстық жауапкершілікте қаралуы мүмкін еді.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу