Үндістанның технологиялық астанасы Бенгалуруда алапат тасқыннан құрылыс жүріп жатқан алаңда ғимарат құлады. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, 15 адам құтқарылған. Дегенмен үйінді астында бірталай адам қалса керек. Қазір олар іздестіріліп жатыр.
Мұнда соңғы 24 сағатта рекордтық деңгейде жауын құйған. Одан көшелер өзенге айналып, ағаштар құлап, көліктер суда қалқып жүр. Синоптиктердің айтуынша, Бенгалуру жұртшылығы бұндай үлкен су апатына кейінгі жиырма жылда алғаш рет куә болып отыр.
Арыстан Рысбек