Батыс Қазақстан облысында прокурорлар тасжолдағы көлік апаттарының жиілеп кетуіне орай ерекше акция өткізді. Мереке қарсаңында жүргізушілерді тоқтатып, Республика күнімен құттықтап әрі жолда абай болуларын ескертті. Өткен 9 айда өңірде 852 жол апаты тіркелген. Апаттарда 1 300-ден астам адам зардап шексе, 76 адам қаза тапқан. Мәселеге қоғам назарын аудару мақсатында прокурорлар мен полицейлер жадынамалар таратты. Жол ережелерін түсіндірді.
Ернат Мақсотов, облыс прокурорының аға көмекшісі:
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары саны өсуінің бірден-бір себебі – азаматтардың ережелерді сақтамауы, жылдамдықты арттыруы, маневр жасауы, арақашықтық ережесін сақтамауы. Сол себепті прокуратура барша облыс тұрғындарын жол-көлік ережесін сақтауға қатаң түрде шақырады.
Ардақ Мұратқызы