Елімізде заң үстемдігі арта түсті. «World Justice Project» халықаралық ұйымы жариялаған Заң үстемдігінің жаһандық индексінде Қазақстан 145 елдің ішінде 65 орынды иеленді.
«Рейтинг сегіз факторға сүйене жасалған» дейді ұйым өкілдері. Олар мемлекеттік өкілеттіктерді шектеу, сыбайлас жемқорлықтың болмауы, ашық үкімет, құқықтар, тәртіп пен қауіпсіздік, нормативтік актілердің сақталуын қамтамасыз ету, азаматтық сот төрелігі және қылмыстық сот төрелігі.
Ал рейтинг бойынша бірінші орында Дания. Венесуэла соңғы орында. Өзбекстан – 78, Қытай – 97, Қырғызстан – 103, ал Ресей – 113-орында.
Досжан Маратұлы