Республика күні қарсаңында мәдениет және ақпарат саласына еңбегі сіңген бірқатар азамат марапатталды. Еліміздің дамуына елеулі үлес қосқандарға «Қазақстанның Халық әртісі», «Халық жазушысы», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және «Ерен еңбегі үшін» сынды бірқатар атақтар мен медальдар табысталды. Марапатқа ие болғандар туралы Нұрсұлтан Тілектес айтсын.
Иә залға жиналғандардың барлығы еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар. Олардың қажырлы еңбегін бағалау, өскелең ұрпаққа үлгі ету игі дәстүрге айналды. Биыл да, Республика күні қарсаңында ақпарат және мәдениет саласына еңбегі сіңген бір топ азамат марапатталды. Олардың қатарында Театр және кино актерлері Кеңес Жұмабеков, Лидия Кәденова, Гүлжан Шынтемір мен Әлихан Ыдырешова және әнші Майра Ілясова «Қазақстанның халық әртісі» атанды.
Майра Ілясова, Қазақстанның Халық әртісі:
Былтыр жарқырап Димаш баламыз алды. Әрине, Қазақстанды әлемге танытып жүрген жұлдызымыз. Биыл бізге де кезек келді. Сондықтан бұрынғыдан да құлшынып жұмыс істейміз. Көңіл күйіміз өте жақсы. Ең бірінші халқымыз, еліміз аман болсын. Соны шын жүректен тілеймін және Рупублика күніміз құтты болсын.
Ал қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын жазушы Темірхан Медетбек, Владимир Михайлов және Исраил Сапарбай «Қазақастанның халық жазушы» атағын алды. Қызметі орасан бірақ жұмысы көзге көрінбей, қоғам тарапынан кейде еленбей қалып жататын архив саласының мамандары да ұмыт қалмады. Оларға «Ерен еңбегі» үшін төсбелгісімен марапатталды.
Тұрсынгүл Құсайынова, ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:
Біздің архившілер үшін бұл өте үлкен мотивация деп айтамын. Мен арқылы архившілерге беріліп отырған марапат деуге болады. Осы қаншама құнды қазыналарды болашақ ұрпаққа сақтап жеткізу біздің мақсатымыз болғандықтан, жұмысымыз еленіп жатқанына өте қуаныштымыз.
Ақпарат саласында жүріп, халық пен биліктің арасын жалғай білген БАҚ өкілдері де елеусіз қалмады. Қазақстан Ұлттық арнасының редактор-жүргізушісі, 10 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі журналист – Шерхан Жамбылұлы «Ақапарат саласының үздігі» атанды.
Шерхан Жамбылұлы, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының редактор-жүргізушісі:
Ең алдымен Ұлттық арнаға рақмет. Осылай баптады, үлкен бәйгеге қосты. Осындай марапатқа ие болып отырмыз. Бұл марапат бізге тек мәртебе ғана емес, үлкен жүк. Болашақта елдің мүддесіне бағытталған, жақсы материалдарды көптеп әзірлеуге мотивация десек болады.
Одан бөлек мәдениет және ақпарат саласының бірқатар қызметкеріне «Парсат» және «Құрмет ордендері» табысталып, «Қазақсанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
Нұрсұлтан Тілектес