Ресей экономикасы санкцияның салқынын сезінуде. Мамандар экономиканың құлдырауы 2030 жылға дейін жалғасатынын айтады. Логистика бұзылды, импорт мен экспорт шектелді, енді дәрі өндірісі де күрт азайған. Толығырақ тілші тарқатады.
Қатты зардап шеккен саланың бірі – дәрі-дәрмек өндірісі. Ірі фармацевтика компаниялары жабылды, дәрі құны 40-50 пайызға дейін қымбаттаған. Сонымен қатар елде қажетті препараттар жоқтың қасы.
Станислав Федотовский, фармацевтикалық компания директоры:
Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкция жариялаған кезде жұмыс істеу оңай болмады. Өйткені логистика бұзылды. Сондықтан Қытай мен Үндістан шикізатына көштік, бұл тиімсіз.
Автокөлік, техника өндірісі де құлдырауда. Көлік шығаратын 20-дан астам кәсіпорынның екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Зауыттарға қосалқы бөлшектер жетіспейді, өйткені біразы шетелден әкелінетін. Сондықтан көлік те қымбаттады.
Александр Васин, зауыт қызметкері:
Өндіріске қажетті құрал жетпейді. Сондықтан басқа елдер арқылы әкелеміз. Алдағы уақытта отандық өнімді арттыруды жоспарлап отырмыз.
Жарты жылда зейнетақының нақты мөлшері 5%-ке, бөлшек сауда 9,5%-ке қысқарып, жиналатын салық мөлшері де күрт азайған. Санкция салдарымен күресуге кем дегенде 10 жыл кетеді, дейді ресейлік экономистер.
Индира Бегайдар