Анкарада жарылыс болды. Теракт түріктің «Anka» ұшқышсыз ұшақштары жасалып, «F-16» ұшағы модернизацияланатын «Tusaş» түрік әуекомпаниясы ғимаратының кіреберісінде болған. 3 адам қаза тапты. Олардың арасында бақылау-өткізу бекетінде отырған күзетші бар. Лаңкестер бірінші болып әуелі осы күзет бекетіне оқ жаудырған, кейін өзін жарып жіберген. «Tusaş» компаниясының нысанына шабуыл жасаған лаңкестер кеңсенің ғимаратына басып кіруі мүмкін еді», - деп хабарлайды Түркияның ішкі істер министрлігі.
Айдос Әшімұлы