Мемлекет басшысы БРИКС+ саммитіне қатысу үшін «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барды. Саммит қатысушылары алдымен бірге суретке түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI саммит барысында ұйымға мүше мемлекеттер басшыларымен екі жақты кездесулер өткізіп, бүгін пленарлық отырыста сөз сөйлейді.