Түркиядағы терактіде зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Кеше Анкара қаласының маңындағы Тусаш аэроғарыш корпорациясының ғимаратына лаңкестік шабуыл жасалды. 5 адам қаза тапты.
Осы қайғылы жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия еліне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Азамат Бейбітұлы