Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады. Бұл алдағы төрт жылда яғни, 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асады. Басты мақсат – су шаруашылығы саласын дамыту. Бірінші кезеңде, яғни 2025 жылдан бастап 11 жобаны салу және реконструкциялау жоспарланған.
Одан бөлек алты облыстағы үш жарым мың шақырымға жуық ирригациялық арналарды жаңғырту көзделген. Сонымен қатар су үнемдеу технологиясын қолданған шаруаларға берілетін субсидия көлемі 50-ден 80 пайызға дейін артты. Бұл жөнінде Үкіметте өткен су кеңесінің отырысында мәлім болды.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің су шаруашылығын дамытуға, тозығы жеткен нысандарды жаңғырту жұмыстарының барлығы уақытында жүргізілуі тиіс екенін ескертті.
Самал Қабышева