Республика күні қарсаңында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен оның бапкері Ақтөбе облысының Қобда ауылының жұртшылығымен кездесті.
Меймандар алдымен аудан орталығындағы спорт кешеніне келіп, жас спортшылармен тәжірибесімен бөлісті, ақыл-кеңестерін айтып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуден соң Елдос Сметов пен Ғалымжан Жылгелдиев көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың үйлеріне барды.
Олимпиада чемпионы қонақ болып келгенін көрген тұрғындардың қуанышында шек болмады. Елдос спортты жанына серік еткен балаларға сый-сыяпатын табыстады.
Елдос Сметов, Олимпиада чемпионы:
Осы жақтың тұрғындарымен кездесу жасап өттік. Үйлер сапалы түрде жасалған. Өте қуанып қалдық. Көз қуанып қалды. Енді тыныштық орнасын, мұндай сынақтар келмесін. Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің көк туы желбірей берсін!
Жақсыбек Кемал